• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 13 Қыркүйек, 2022

Астана атауын қайтаруға қосымша қаражат талап етілмейді - министрлік

5875 рет
көрсетілді

Парламент Қазақстан астанасын бұрынғы атауына қайтару туралы шешім қабылдаса, оған қосымша ақша жұмсалмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Егер Парламент елорданың бұрынғы атауын мемлекеттік органдарға қайтару туралы шешім қабылдаса, қаржы ғимараттардағы маңдайшаларды ауыстыруға қажет болады. Бұл шараларды мемлекеттік органдарды ұстауға арналған қаражат аясында, қосымша ақша бөлмей-ақ жүзеге асыруға болады», делінген Қаржы министрлігі таратқан ақпаратта.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері Астана атауын Нұр-Сұлтанға қайтару туралы бастама көтерді.

Ал бүгін Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді.