Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатқан Рим Папасы Францисктің әуе борты елорда әуежайына қонды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қадірлі қонақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алады.
Рим Папасы сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі. Сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған.