• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қыркүйек, 2022

«Эйр Астана» компаниясына 21 миллион теңге айыппұл салынды

211 рет
көрсетілді

Азаматтық авиация комитеті Air Astana әуе компаниясына жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін 21 миллион теңгеден астам айыппұл салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2022 жылдың 16 шілдесінде «Эйр Астана» әуе компаниясының Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы КС-853 рейсі резервтегі ұшатын экипаждың күтуіне байланысты 27 сағат 21 минутқа кешігуі анықталды. Жолаушыларға қолданыстағы заңнамада көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақүйде тұру ұсынылмаған. 6 қыркүйекте әуе компаниясына тағы бір айыппұл салынды - 1 000 АЕК (3 063 000 теңге)», деді ведомстводан.

Шілде айынан бастап әуекомпаниясына қазірдің өзінде жеті рет жалпы сомасы 7 000 АЕК (21 441 000 теңге) айыппұл салынды.