• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қыркүйек, 2022

Домбыра бүгін де алдыңғы лектегі буынның өмірін ұмыттырмай келеді - Рим Папасы

542 рет
көрсетілді

Рим Папасы Франциск ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында өткен кездесуінде домбыраның қасиетіне тоқталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Осы сапарға дайындалған кезімде бұл жердегілер орта ғасырларда домбыраның бірнеше түрімен дастан айтып, сол арқылы өткен мен бүгінді байланыстырғанын білдім. Алуандық сабақтастығының символы тұтас елдің жадында осылай ырғақ болып сақталған. Домбыра бүгін де экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің жылдам ауысып жатқанына қарамастан алдыңғы лектегі буынның өмірін ұмыттырмай келеді», деді Рим Папасы.

Сондай-ақ Рим Папасы еліміздегі тағы бір салт дәстүрге тоқталып өтті.Оның айтуынша, өткеннің құндылықтары қастерлі қазынаға айналып, мұра болып қалып отыр.

«Ынтымақтың гүлденуіне сәлт-дәстүрдің де үлес қосып отырғаны анық. Сол арқылы өткеннің құндылықтары қастерлі қазынаға айналып, мұра болып қалып отыр. Менің есіме бұл жақта кең таралған «жеті шелпек» атты таңғажайып дәстүр келіп отыр –жұманың таңында жеті шелпек таратып, ата-бабаны еске алады», деді Рим Папасы.