Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Магомед Адиев УЕФА-ның Ұлттар лигасында өнер көрсететін ойыншылардың есімдерін жария етті. Сол тізімге есімдері төменде аталған аяқдоп шеберлері енді:
Қақпашылар – Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз») және Бекхан Шайзада («Ордабасы»). Қорғаушылар – Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров («Тобыл»), Елдос Ахметов («Тараз»), Михаил Габышев, Талғат Кусяпов («Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Темірлан Ерланов («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей). Жартылай қорғаушылар – Юрий Логвиненко, Рамазан Оразов («Ақтөбе»), Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов («Тобыл»), Аслан Дарабаев, Тимур Досмағамбетов, Исламбек Қуат («Астана»), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Эльхан Астанов («Ордабасы») және Әділет Садыбеков («Қайрат»). Шабуылшылар – Абат Айымбетов («Астана»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Артур Шушеначев («Қайрат») және Роман Мұртазаев («Шахтер»).
Қазіргі кезде барлық футболшылар Нұр-Сұлтанда бас қосып, өз даярлықтарын пысықтауда.14 қыркүйекте басталған оқу-жаттығу жиыны бір аптадан аса уақытқа созылады. 22 қыркүйекте жерлестеріміз өз алаңында Беларусь құрамасымен ойнайды. Ал 25 қыркүйекте Бакуде Әзербайжан құрамасымен кездеседі.