Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Белградта өткен әлем чемпионатының алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.
Үшінші орын үшін айқаста ол Венгриядан келген Кристиан Кечкеметиден озық болды. Есеп - 7:1.