2014 жылғы 26 наурыз, Астана, Үкімет Үйі
Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 26 наурыздағы №262 қаулысымен бекітілген
Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ұйымдар):
1) жетім балаға (жетім балаларға) – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы қайтыс болған балаға (балаларға);
2) ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, хабарсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өз құқықтары мен мүдделерінің қажетті қорғалуын қамтамасыз етуге мұқтаж болған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айырылған балаға (балаларға);
3) қадағалаусыз қалған балаға (балаларға) – ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешiлердiң және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi оқыту, тәрбиелеу және өзге де мекемелері қызметкерлерiнiң тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз еркімен кетуi салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған балаға (балаларға);
4) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функциялары тұрақты бұзылған балаға (балаларға) (мүмкіндіктері шектеулі балаға (балаларға);
5) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік құрбаны болған балаға (балаларға);
6) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан балаға (балаларға);
7) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған балаға (балаларға) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету көлемі мен шарттарын белгілейді.
Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп көрсетілетін қызметті алушылар деп аталады.
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерге:
1) тұратын орнын ұсына отырып, азаматтардың белгілі бір санаттарының білім алуға, тәрбиеленуге құқықтарының мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары:
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелер;
девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернаттық мекемелер;
мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған стационарлар;
әртүрлі бейіндегі балалардың сауықтыру орталықтары;
2) азаматтардың белгілі бір санаттарының білім алуға, тәрбиеленуге құқықтарының мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ететін күндіз болатын ұйымдар:
оңалту орталықтары;
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар;
мектепке дейінгі және мектептік арнаулы ұйымдар; жалпы дамыту және түзету сипатындағы функцияларды қатар атқаратын мектепке дейінгі және мектептік аралас ұйымдар;
мүмкіндігі шектеулі және қалыпты дамып келе жатқан балаларды бірге тәрбиелеуге арналған мектепке дейінгі және мектептік инклюзивтік ұйымдар;
күндіз болатын қызметтер/бөлімдер (күндіз қызмет көрсететін орталықтар, оңалту орталықтары, отбасы мен баланы қолдау, ерте араласу қызметтері, дағдарыс орталықтары).
3) қабылдаушы отбасылар: патронаттық отбасы, қамқоршылар мен қорғаншылар жатады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілердің аталған тізбесі толық болып табылмайды.
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен байланысты шығындар республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстың және ауданның, (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен өтеледі.
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдарға қабылдау,
аудару мен одан шығару тәртібі
5. Көрсетілетін қызметті алушыларды ұйымға қабылдау бүкіл күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырылады.
6. Жергілікті атқарушы органдардың арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдарға жіберу туралы шешімі мынадай құжаттарды қоса бере отырып, ұйымға белгілеу үшін негіз болып табылады:
1) туу туралы куәлiк (жеке куәлік);
2) денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы медициналық құжаттар;
3) бiлiм туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшiн);
4) баланың өмiр сүру жағдайын тексеру актiсi;
5) ата-анасы туралы мәлiметтер (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктердiң көшiрмелерi, соттың шешiмi (ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналарды хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп тану), ата-анасының ауруы туралы анықтама, ата-аналарды iздестiру туралы анықтама және ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкiндiгi жоқтығын растайтын басқа да құжаттар) қамтылған құжаттар;
6) аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерiнiң (қарындастарының) және басқа да жақын туыстарының бар болуы және олардың тұратын жерi туралы анықтама;
7) ата-анасы қайтыс болғаннан кейiн қалған мүлiктердiң тiзiмдемесi, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәлiметтер;
8) кәмелетке толмағандарға тұрғын үй алаңын бекiту туралы құжаттар;
9) әлеуметтік жәрдемақы алатын баланың атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі, алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi (балаға оларды ата-анасының бiрi немесе оны алмастыратын адам алатын кезде).
7.іБір ұйымнан екінші ұйымға ауыстырылған немесе ұйымнан шығарылған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мына құжаттар беріледі:
1) туу туралы куәлік (жеке куәлік);
2) ұйымда болғандығы туралы анықтама;
3) денсаулық жағдайы мен екпелері туралы медициналық құжаттар;
4) білім туралы құжаттар;
5) ата-анасы, туыстары туралы мәліметтер бар құжаттар;
6) оның өзі немесе ата-анасы бұрын иелік еткен мүлікке, ақшалай қаражатқа, тұрғын үй алаңына құқығын айғақтайтын құжаттар, жеке есеп шотын ашу туралы шарт, алимент өндіру туралы орындау парағы және жеке ісінде болған кезде басқа да құжаттар.
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынудың көлемі мен шарттары
8. Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрмыстағы тыныс-тіршілігін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер:
тұратын және/немесе күндізгі болу орындарын ұсына отырып, белгілі санаттағы азаматтарға білім алуға, тәрбиеленуге құқықтарының мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ететін ұйымдарда:
1) «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тұрғын үй алаңын ұсынуды;
2) оңалту және емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдар негіздеріне оқытуға арналған жиһазбен және (немесе) арнайы жабдықтармен жабдықталған үй-жайларды ұсынуды;
3) жұмсақ мүкәммалды (киім, аяқ киім, ішкі киімдер және төсек-орын жабдықтары) ұсынуды;
4) «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 және 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулыларымен бекітілген тамақтану нормаларына және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тиімді және емдәмдік тамақтануды ұсынуды;
5) тұрмыстық қызмет көрсетумен (ішкі киімдерді, киімдерді, төсек-орын жабдықтарын жуу, кептіру, үтіктеу, залалсыздандыру) қамтамасыз етуді;
6) қажетті жабдықтармен кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі айқындауды және шығармашылық еңбегі үшін жағдайлар жасауды;
7) емделуге, оқуға, мәдени, спорттық іс-шараларға қатысу үшін көрсетілетін қызметті алушыларды тасымалдау кезінде көлік қызметін ұсынуды;
8) көрсетілетін қызметті алушылардың ақыл-ой, эмоциялық, рухани және дене дамуына ықпал ететін отбасылық ортаға жақын қолайлы жағдай жасауды;
9) төсектен тұру, төсекке жату, киіну, шешіну, тамақтану сияқты іс-қимылдарды орындауға қабілетсіз көрсетілетін қызметті алушыларға жеке қызмет көрсету мен гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсетуді және оларды осы іс-қимылдарға үйретуді;
отбасы жағдайында ұсынылатын:
1) отбасының бір мүшесіне және тәрбиеленушіге кемінде 18 шаршы метрді құрайтын тұрғын-жайдың жалпы алаңын ұсынуды;
2) білім алу үшін қажетті жағдай жасауды, оның денсаулығына, дене, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына қамқорлық көрсетуді;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген тамақтану нормаларына және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тиімді және емдәмдік тамақтануды ұсынуды;
4) жұмсақ мүкәммалды (киім, аяқ-киім, ішкі киім мен төсек-орын жабдықтарын) ұсынуды;
5) емделуге, оқуға, мәдени, спорттық іс-шараларға қатысу үшін көрсетілетін қызметті алушыларды тасымалдау кезінде көлік қызметтерін ұсынуды қамтиды.
9. Көрсетілетін қызметті алушылардың жеке жағдайын ескере отырып, денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер:
тұратын және/немесе күндізгі болу орындарын ұсына отырып, белгілі санаттағы азаматтарға білім алуға, тәрбиеленуге құқықтарының мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ететін ұйымдарда:
1) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыруды және өткізуді (қажет болған жағдайда денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
2) алғашқы медициналық байқау және алғашқы санитариялық өңдеу жүргізуді;
3) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді;
4) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсетуге ықпал етуді;
5) емдеу-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау мекемелерінде ұйымдастыруды;
6) жедел ауруханаға жатқызуды және денсаулық сақтау ұйымдарында еріп жүруді;
7) көрсетілетін қызметті алушыларға денсаулығының жағдайын ескере отырып, күтімді қамтамасыз етуді;
8) консультациялық көмек көрсетуді (білікті маман болмаған жағдайда – денсаулық сақтау ұйымдарынан маманды міндетті түрде тарту);
9) шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетуді;
10) профилактикалық іс-шараларды өткізуді;
11) әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын жүргізуді;
отбасы жағдайында ұсынылатын:
1) медициналық ұсынымдарға және денсаулық жағдайына сәйкес күтім жасау мен емдеуді, дәрігер мамандарының жүйелі қарауын қамтамасыз етуді;
2) ұдайы медициналық тексеруді қамтамасыз етуді;
3) емдеу-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарында қамтамасыз етуді;
4) әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын жүргізуді;
5) күтім жасауды қамтамасыз етуді, оның ішінде денсаулық жағдайын ескере отырып, санитариялық-гигиеналық қызмет көрсетуді қамтиды.
10. Көрсетілетін қызметті алушылардың әлеуметтік бейімделуі, әлеуметтенуі мен әлеуметтік ортаға ықпалдасуына бағытталған олардың психологиялық жай-күйін түзетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер:
тұратын және/немесе күндізгі болу орындарын ұсына отырып, белгілі санаттағы азаматтарға білім алуға, тәрбиеленуге құқықтарының мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ететін ұйымдарда:
1) тұлғаны психологиялық диагностикалауды және тексеруді;
2) әлеуметтік-психологиялық патронажды (жүйелі қадағалау);
3) көрсетілетін қызметті алушылармен психологиялық профилактикалық жұмыстарды;
4) психологиялық консультациялауды;
5) көрсетілетін қызметті алушыларға психологиялық көмек көрсетуді, оның ішінде әңгімелесу, сөйлесу, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
6) психологиялық тренингтерді;
7) көрсетілетін қызметті алушыларды психологиялық түзетуді;
8) өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізуді;
отбасы жағдайында ұсынылатын:
1) психологиялық сүйемелдеуді;
2) көрсетілетін қызметті алушыларды кең әлеуметтік ортаға табысты бейімдеу үшін жағдай жасауды;
3) оқыту, әңгімелесу, жеке дамыту процесінде әлеуметтік-психологиялық білім беру және белсенді пайдалану үшін жағдай жасауды;
4) психологиялық көмек көрсетуді, оның ішінде әңгімелесуді, сөйлесуді, тыңдауды қамтиды.
11. Көрсетілетін қызметті алушылардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, оларды педагогикалық түзету мен оқытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:
тұратын және/немесе күндізгі болу орындарын ұсына отырып, белгілі санаттағы азаматтарға білім алуға, тәрбиеленуге құқықтарының мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ететін ұйымдарда:
1) әлеуметтік-педагогикалық кеңес беруді;
2) түзету-педагогикалық сүйемелдеуді;
3) көрсетілетін қызметті алушыларды тәрбиелеу мен оқыту процесін ұйымдастыруды, олардың әлеуметтенуін, бейімделуін және әлеуметтік ортаға ықпалдасуын;
4) көрсетілетін қызметті алушылардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, олардың білім алуына ықпал етуді;
5) көрсетілетін қызметті алушыларды қашықтықтан және инклюзивті білім беруді қоса алғанда, үй жағдайында оқытуды;
отбасы жағдайында ұсынылатын:
1) көрсетілетін қызметті алушыларды тәрбиелеу мен оқыту процесін ұйымдастыруды, олардың әлеуметтенуін, бейімделуін және әлеуметтік ортаға ықпалдасуын;
2) көрсетілетін қызметті алушылардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, олардың білім алуына ықпал етуді;
3) білім беру мекемесіне баруын, егер оның денсаулық жағдайына байланысты білім беру мекемесіне бару мүмкіндігі болмаған жағдайда, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім алуын қамтамасыз етуді;
4) кәсіптік білім алуға ықпал етуді қамтиды.
12. Көрсетілетін қызметті алушыларды отбасы және белгілі санаттағы азаматтарға тұратын және/немесе күндізгі болу орындарын ұсына отырып, білім алуға, тәрбиеленуге құқықтарының мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ететін ұйымдар жағдайында тұлғалық даму деңгейін көтеруге, әлеуметтік бейімдеуге, кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі айқындауға және одан әрі жұмысқа орналастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері:
1) көрсетілетін қызметті алушыларда бар еңбек дағдыларын зерттеу жөнінде іс-шаралар өткізуді;
2) емдеу-еңбек қызметін жүргізуді;
3) көрсетілетін қызметті алушыларды қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларды өткізуге ықпал етуді;
4) жеке физикалық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес кәсібін алу үшін ықпал етуді қамтиды.
13. Отбасы және белгілі санаттағы азаматтарға тұратын және/немесе күндізгі болу орындарын ұсына отырып, білім алуға, тәрбиеленуге құқықтарының мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ететін ұйымдар жағдайында көрсетілетін қызметті алушылардың бос уақытын ұйымдастыруға және оларды бос уақыт іс-шаралары мен салауатты өмір салтының негізін қалыптастыруға тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер:
1) мерекелер мен бос уақытты өткізу іс-шараларын ұйымдастыруды;
2) клубтық және үйірмелік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізуді;
3) бос уақыт іс-шараларына тартуды, мәдени іс-шараларға қатыстыруды (экскурсиялар ұйымдастыру, театрға, көрмелерге, концерттер мен басқа да іс-шараларға бару) қамтиды.
14. Отбасы және белгілі санаттағы азаматтарға тұратын және/немесе күндізгі болу орындарын ұсына отырып, білім алуға, тәрбиеленуге құқықтарының мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ететін ұйымдар жағдайында көрсетілетін қызметті алушылардың өмір сүру деңгейін қолдау мен жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтер:
1) тиесілі жәрдемақыларды, алименттер мен төлемдердің басқа да түрлерін алуға ықпал етуді;
2) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдем көрсетуді қамтиды.
15. Отбасы және белгілі санаттағы азаматтарға тұратын және/немесе күндізгі болу орындарын ұсына отырып, білім алуға, тәрбиеленуге құқықтарының мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ететін ұйымдар жағдайында көрсетілетін қызметті алушыларға құқықтық мәртебеге ие болу немесе өзгерту, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтер:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында әлеуметтік қамтамасыз ету құқығына байланысты мәселелер бойынша заң кеңесін беруді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көмекті;
2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетуді;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және көрсетілетін қызметті алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсетуді;
4) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға көмек көрсетуді және ықпал етуді;
5) көрсетілетін қызметті алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуға ықпал етуді;
6) қорғаншылық және қамқоршылық органдарына балаларды отбасына орналастыруға, оның ішінде асырап алуға, қамқорлыққа, патронатқа, қорғаншылыққа беруге ықпал етуді;
7) жұмысқа орналасу үшін, жеке басын куәландыратын құжат және заңды мәні бар басқа да құжаттарды алу үшін құжаттарды ресімдеуге заң көмегін көрсетуге ықпал етуді;
8) 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы, «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен мемлекет кепілдік берген құқықтық көмек алуға ықпал етуді қамтиды.