Рим Папасы Франциск елордада өтіп жатқан дін көшбасшыларының VII Съезіне қатысушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Рим Папасы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінде сөйлеген сөзінде барша қазақстандықтарға сәлемін жолдап, ізгі тілегін білдірді.
«Біз көптеген ғасырлар бойы үлкен керуендер өткен жерлерде өмір сүріп келеміз. Бұл жерлерде Жібек жолының арқасында көптеген әңгімелер, идеялар мен сенімдер бір-бірімен байланысты болды. Қазақстан - бір-бірінен алыста жүргендердің кездесуіне септігін тигізген жерге айналды. Осының арқасында кездесулер үшін жаңа жол ашылды. Оның негізінде адами қарым-қатынас, құрмет пен адалдық жатыр», деді Рим Папасы.
Еске сала кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі өтіп жатыр.