• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қыркүйек, 2022

Тоқаев коронавирустан кейін туындаған жаһандық мәселелерді атады

285 рет
көрсетілді

Коронавирустың таралуы барша әлемге, саясатқа, экономика мен әлеуметтік қатынастарға ықпалын тигізді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өкінішке қарай, дүниежүзілік денсаулық сақтау жүйесі бұл жаһандық мәселені еңсере алмады және бұл індетпен күрестің өткір кезеңі біржақты ұлтшылдықтың, вакциналық ұлтшылдықтың өршуіне, экспорт пен саяхаттың жабылуына, халықаралық институттардың әлсіреуіне әкеп соқты», деді Президент.

Осы орайда ол карантин шаралары көп салаға жағымсыз әсерін тигізгенін атап өтті. 

«Карантин шаралары жеткізу тізбектерін бұзып, туризм, қызмет көрсету, көлік және басқа да салаларға жағымсыз әсерін тигізді. Әлемнің аз дамыған аймақтарында азық-түлік тапшылығы орын алды. Сол аралықта әлемдік державалар арасындағы геосаяси конфронтация күшейіп, түрлі аймақтарда шиеленістің көбеюіне әкеп соқты. Алдыңғы халықаралық қауіпсіздік жүйесі көз алдымызда қирауда. Экстремизм мен терроризм ең күрделі сын-қатер болып қалды. Энергетикалық кризис көмірсутегі нейтралдығына қол жеткізуге кедергі келтіруде. Бұл сынақтарға бей-жай қарай алмаймыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Соңғы жаңалықтар