Біз халықаралық сауда, инвестиция және серіктестіктің де нығая түскенін қалаймыз. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз халықаралық сауданың, инвестицияның, серіктестіктің де нығая түскенін қалаймыз. Энергетика және өндіруші салаларға келетін болсақ, біз жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыруға көңіл бөлеміз. Бүгінгі таңда алдымызда тұрған міндеттер де рухани көшбасшылардың жаһандық үдерістердегі рөлін қайта қарастыруды және түсінуді талап етеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.