• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қыркүйек, 2022

Атырау облысында Махамбет ауданының әкімі тағайындалды

3453 рет
көрсетілді

Махамбет ауданының әкімі лауазымына Қайрат Нұрлыбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Махамбет аудандық мәслихатының депутаттарына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Аудандық мәслихаттың депутаттары жаңа әкім Қайрат Нұрлыбаевтың кандидатурасына қолдау білдірді.

Қайрат Есқабылұлы 1973 жылы 2 мамырда  Атырау облысы, Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Ақтөбе облысының Қобда аудандық мәслихатында аға референті ретінде бастады. 1996-1997 жылдары Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы «Мұқыр» акционерлік қоғамында жөндеуші-техник болып жұмыс істеген. 1999 жылдан  Мұқыр селолық округі әкімі аппаратының маманы,  Мұқыр селолық округінің әкімі, Қызылқоға аудандық коммуналдық меншік, көріктендіру, құрылыс және тұрғын-үй шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.

Одан кейін Құрманғазы ауданының Шортанбай селолық округінің әкімі, Құрманғазы аудандық ішкі саясат, жер қатынастары бөлімдерінің басшысы, сондай-ақ Мақаш селолық округінің әкімі болған. 2008-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2012-2019 жылдары аталған аудан әкімінің орынбасары, 2019 жылдың маусым айынан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

Ал, 2021 жылғы қаңтардан осы тағайындауға дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.