• RUB:
    4.95
  • USD:
    444.79
  • EUR:
    481.04
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қыркүйек, 2022

Тоқаев пен Си Цзиньпин «Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» көрмесін тамашалады

6991 рет
көрсетілді

Ресми келіссөздер аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары екі елдің көне заманнан бүгінге дейінгі тарихи, мәдени байланыстарына арналған Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Орталық мемлекеттік музей, Тұңғыш Президент музейі және Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі қорларынан 40-қа жуық археологиялық жәдігер, сондай-ақ сәндік қолданбалы және бейнелеу өнерінің заттары қойылған.

Қазақстан мен Қытай басшыларына қазақ-қытай халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің даму сабақтастығын көрсететін бес бөлімнен тұратын көрменің құрылымы таныстырылды.