ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин пандемиядан кейінгі алғашқы жұмыс сапары жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚХР Төрағасы өз сөзінде қытай-қазақстан қатынастарының бірегейлігі туралы айтты.
«Бес жылдан кейін Қазақстандай керемет елге қайта келгеніме қуаныштымын. Коронавирус індеті басталғалы бері алғашқы шетелдік сапарға шыққан мемлекетім Қазақстан болды. Бұл қытай-қазақ қарым-қатынасының жоғары деңгейі мен ерекшелігін, сондай-ақ өзара достығымыздың берік екенін көрсетеді», деді ҚХР Төрағасы.