• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 15 Қыркүйек, 2022

Дін әлемді қауіптен сақтауы қажет

286 рет
көрсетілді

Жаһанда әскери шығындардың көлемі артқан сайын, адамдардың да санасы уланып, соғыс туралы ойға жетелейді. Өкінішке қарай, қару-жараққа триллиондар жұмсалуда. Ал бұл шығындар шын мәнінде, әлемнің әртүрлі бөлігінде, әсіресе Африка елдерінде нан, суға зәру кедейлікке тап болған миллиондаған халықтың барлық әлеуметтік гуманитарлық мәселесін шеше алар еді.

Әлемдік саясатты басқаратындар бұл туралы ойланып, жанашырлық танытуға тиіс деп санаймын. Дін көш­бас­шылары өз кезегінде қақтығыстар мен соғыстарды алдын алу үшін үндеулер мен уағыздар арқылы бейбітшілік пен өзара құрметке негізделген қоғам қалыптастыруға күш-жігерлерін жұмсау қажет. Қасиетті Құран Кәрімде айтылғандай «Алла Тағала жер бетінде тәртіп орнатты, сендер онда зұлымдық жасамаңдар». Қасиетті кітапта «Барлық дін адамзатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен құрмет рухын оятады», делінген сондай-ақ онда апат, дағдарыс пен сынақтар туралы ескерту бар.

Біз бастан кешкен гуманитарлық дағдарыстар – қақтығыстар мен соғыс­­тар­дың салдары. Мәселен, Әзер­бай­­жан 30 жылдық оккупация­ны аяқ­тап, әлемдік қауымдастық мойын­­даған аумақтық тұтастығын қалпы­­на келтіргеннен кейін Қарабақ­ты жау­лап алу кезінде жерлері өрте­ніп, су қоймалары ластанды. Ван­да­лизм, зорлық-зомбылық әрекет­тері­­мен мәдени және рухани мұ­ра­лары жойылды, сансыз жарыл­ған ми­налар қазір халықтың ата-баба­лары­ның жерлеріне қайта оралуға кедергі келтіріп отыр.

Қазіргі әлемнің қауіп-қатер­лерін алдын алуға және қоғамның мәселелерін шешуде мемлекеттік, қоғамдық және діни қайраткерлердің ынтымақтастығы арқасында нақты нәтижелерге қол жеткізуге болаты­нын сеніммен айтамын. Әзербай­жан халқының атынан бауырлас Қазақстанның бас­шысы­на осындай пікір алмасуға мүм­­кіндік туғызғаны, маңызды іс-шара­­ны жоғары деңгейде ұйым­дастыр­ғаны, қонақжайлылық танытқаны үшін зор алғысымды білдіремін. Бауыр­лас­тық рухындағы кез­десуіміз бейбітші­лікке, әділет­тілікке, рухани дамуға және адамзат­тың ортақ мүдделеріне қызмет етеді деп сенемін.

 

Шейх Уль-Ислам Аллахшүкір ПАША-ЗАДЕ,

Кавказ мұсылмандар басқармасының төрағасы