Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Порторож (Словения) WTA 250 жарысының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 66-ракеткасы, чехиялық Тереза Мартинцовамен шеберлік байқасты.
Елена Рыбакина бірінші партияда 0:4 есебімен ұтылып жатып, қатарынан алты геймді алды - 6:4. Екінші сетте Елена айқын басымдылық көрсетті - 6:1.
Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 92-ракеткасы, украиналық Леся Цуренкомен кездеседі.