Ертең, 18 қыркүйек күні IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтеді. Боксшылар бұл кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көпшілік тағатсыздана күтіп жүрген жекпе-жек АҚШ-тың Невада штатында, анығырақ Лас-Вегас қаласында болмақ. Ал қазақстандықтар жылдың басты жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарының тікелей эфирінен көре алады.
Айта кетейік, кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 18 қыркүйек күні, таңғы сағат 05:00-де басталады.