• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қыркүйек, 2022

Қайырымдылық жасаған қазақстандықтарға құрметті атақ беріледі

412 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен қайырымдылық саласында құрметті атақ беру қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрметті атақ қайырымдылық жасаушыларға, қайырымдылық ұйымдарына, қайырымдылық еріктілеріне беріледі.

Құрметті атақ беру 5 қыркүйек - Халықаралық Қайырымдылық күніне орайластырылады.

Ережеге сәйкес, құрметті атақ құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, Парламент депутаттары кіретін комиссияның шешімі негізінде беріледі.

Құрметті атақты беруге ұсынымды қабылдау туралы хабарландыруды уәкілетті орган мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда орналастырады.

Комиссия мүшелері ұсынымдарды алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде оларды 3 өлшемшарт бойынша 0-ден 5 балға дейін зерделеп, бағалайды:

Әлеуметтік мәселелерге бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі; Қайырымдылық қызметтің сандық нәтижелерінің болуы; Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада іске асырудың тұрақтылығы мен әсері.

Әрбір критерий бойынша баллдар жинақталып, жалпы балл қойылады.

Комиссияның құрметті атақ беруге үміткерді бекіту туралы шешімі отырыста ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.

Үміткер бағалау парағын іріктеудің үш критерийінің бірінде «0» балл алған жағдайда құрметті атақ берілмейді.

Соңғы жаңалықтар