Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін «Конгресс орталығына» барды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты «Конгресс орталығында» Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына барған болатын.