Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылаған соң, мәжілістің 98 депутаты, сенаттың 50 депутаты заң жобасын қабылдауға дауыс берген.
Енді құжат Президенттің қол қоюына жіберіледі.