Италияның шығысында болған қатты нөсер су тасқынына ұласты. Бір-екі сағат ішінде шамамен 400 миллиметр жауын-шашын түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Хабар 24» ақпаратына сәйкес, қалалардың көшелері, үйлері мен жолдары су астында қалды, ал кейбір елді мекендер жарықсыз қалды.
Апаттан 8 адам көз жұмды. Тағы 4 адам хабар-ошарсыз кеткен деп саналады, олардың арасында үш жасар баласы бар әйел бар.
Құтқару жұмыстарына 180-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өңірде іздеу жұмыстары жалғасуда.