• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2022

Қарағанды облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті

449 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында діндар әйелдер арасындағы дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында осы жылғы 5-9 қыркүйекте Қарағанды облысында облысында әйелдер арасында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни – ағартушылық жұмысты ұйымдастыру, сонымен қатар халықтық әйел діндарлары арасында діни эстремизмнің таралуын алдын алуға бағыттылған рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шара мен кездесу өтті.

Бұл кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Әділханова Э.Қ., Қожахметова Т.З., Қанапия Т.З., Бисембаева Р.Б. тартылды.

РАТТ мүшелерінің қатысуымен Қарағанды қаласының индустриялық, Қазтұтынуодағы, Е.Бөкетов атындағы, университет студенттерімен, Әбілқас Сағынов атындағы «Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, Теміртау жоғары медициналық колледжінің студент қыздарымен, Қарағанды Теміртау қаласының орталық мешіті Әлихан Бөкейхан діндар әйелдерімен, Аманат партия кәсіпкер әйелдерімен,  Абай қалалық мешітінің әйел жамағатымен Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№1 тірек мектебінің (Ресурстық орталығы)» КММ мұғалімдерімен, Осакаров ауданық тарихи-өлкетану мұражайының діндар әйелдерімен, «ҚР II ҚАЖК «АК-159/9 мекемесі» РММ жазасын өтеуші әйелдерімен, Саран қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің мұғалімдерімен, «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ аудан және қаладағы мамандарымен, Қарағанды облысының Әнет баба орталық мешітінің әйел жамағатымен кездесу және т.б. іс-шаралары ұйымдастырылды.

Өткен іс-шараларда өңірлердің тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылымен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.

Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қазақстандық қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақ қойылып, тұщымды жауаптар алынды.