Қырғыз-тәжік шекарасында атыс қайта басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Еuronews.com сайтына сілтеме жасап.
Бір күн бұрын атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізіліп, екі елдің басшылары қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге келіскеніне қарамастан, шекарада атыс үні қайта естілді.
Қарулы қақтығыстар сәрсенбі күні басталды. Шекараның екі жағында 30-дан астам адам құрбан болды. Қырғызстан билігі 120-дан астам адам зардап шеккенін, сондай-ақ 136 мың адам қақтығыс аймағынан эвакуациялауға мәжбүр болғанын хабарлады. Ал Баткен облысында төтенше жағдай жарияланды.