• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Қыркүйек, 2022

Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыс кезінде 36 қырғызстандық қаза тапты

342 рет
көрсетілді

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі 134 әскери қызметкердің жараланғанын хабарлады. Қырғызстан МҰҚК мәліметтері бойынша, 18 қыркүйек күні таңертең жағдай шиеленісе түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәжік тарапынан зардап шеккендер мен қаза болғандардың жалпы саны туралы ақпарат хабарланған жоқ. Бір күн бұрын Тәжікстан ҰҚК төрт әскери қызметкердің жараланғанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, 16 қыркүйек күні таңертең Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы бірнеше учаскеде атыс басталды.

Бұған дейін Қырғызстанның Тәжікстанмен шекаралас Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Қырғызстанның шекаралас аудандарынан 137 мыңға жуық адам эвакуацияланды.

17 қыркүйекте Қырғызстан президенті ұлтына үндеу жасап, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.