• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Қыркүйек, 2022

19 қыркүйек Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

521 рет
көрсетілді

Президент Садыр Жапаровтың жарлығына сәйкес, 19 қыркүйек Қырғыз Республикасында ұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Құжатта ұлттық аза тұту күні елдің барлық аумағында, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің ғимараттарында Қырғыз Республикасының Мемлекеттік жалаулары төмен түсірілетіні атап өтілген.

Мәдениет мекемелері мен телерадиокомпанияларға ойын-сауық іс-шаралары мен бағдарламаларын тоқтату ұсынылды.