Қазақстанның бас қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтті. Қонақтардың арасында Рим Папасы Франциск болды.
2003 жылы ең алғашқы конгресс өткенде Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Анджело Содано: «Ассизи рухы Астананың рухына айналсын» деген болатын. Расында, Рим Папасы Францисктің туған жері Италияның Ассизи қаласында бұдан 36 жыл бұрын түрлі дін көшбасшылары кездесулерінің тарихы басталғанын білетіндер аз. Осы күнге дейін әлемдік дін көшбасшылары бірігіп, мәселелерін талқылаған емес.
«Бүгінде біз Құдай туралы айтамыз. Бірақ дін жиі өшпенділіктің, соғыстың, лаңкестіктің құралы ретінде жиі теріс пайдаланылады. Сондықтан бүгінде Ассизи рухы Қазақстанмен қатар барлық жерлерде қалықтауы қажет», деді съезде сөйлеген сөзінде Рим Папасы.