• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қыркүйек, 2022

Жапонияда тайфун салдарынан 200 мыңға жуық үй жарықсыз қалды

245 рет
көрсетілді

Кеше тарихтағы ең күшті тайфундардың бірі  Жапонияның оңтүстік бөлігінде басталды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC News-ке сілтеме жасап.

Кеше кешкі уақытта Кагосима қаласы маңындағы Кюсю аралында «Нанмадол» тайфуны басталды.

Тайфун аймағындағы желдің екпіні сағатына 234 км-ге дейін жетеді. Жапон метеорологиялық қызметінің мәліметінше, кей жерлерде шамамен 500 мм жауын-шашын түскен. Бұрын-соңды болмаған мұндай нөсер жауын су тасқыны, сел және көшкінге қауіп төндіріп отыр.

Билік 4 миллионға жуық адамды қауіпсіз жерлерге көшіруге шақырды. Кюсюге қатынайтын пойыздар, паромдар мен рейстер тоқтатылды. Тайфун салдарынан 200 мыңға жуық үй жарықсыз қалды.

Жапония премьер-министрі Фумио Кисида адамдарды кез-келген қауіпті аймақтардан тез арада эвакуациялауға шақырған арнайы мәлімдеме жасады.

«Түнде эвакуациялау өте қауіпті. Күн батқанға дейін қауіпсіз жерлерге эвакуациялауға шақырамын», делінген хабарламада.