• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 19 Қыркүйек, 2022

Доллар бағамы қайта өсті

130 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-да доллардың орташа бағамы 477,54 теңгені құрап, 0,77 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ресей рублінің орташа бағамы 7,92 теңгеге дейін өсті.

Қытай юанінің орташа бағамы төмендеп, 67,96 теңгені құрады.

Еуроның орташа бағамы 477,30 теңгеге жетті.

Айырбастау пункттерінде долларларды 477-480,5 теңгеден, еуроны - 476-481 теңгеден, ресей рублін - 7,35-7,65 теңгеден сатып алады/сатады.

Сондай-ақ 19 қыркүйектегі сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы да біршама өсті.

Мәселен, Brent мұнайына арналған қараша фьючерстерінің құны 0,57%-ға өсіп, барреліне 91,87 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстерінің бағасы қазан айында 0,36%-ға, барреліне 85,42 долларға дейін көтерілді.