• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Теннис 19 Қыркүйек, 2022

Жібек Құламбаева Италиядағы ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды

161 рет
көрсетілді

Жібек Құламбаева биылғы бесінші титулына қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

22 жастағы Ж. Құламбаева латвиялық Дарья Семенистаямен бірге финалда қытайлық Джинг Лю және босниялық Анита Вагнер жұбын 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Кездесу бір сағаттан астам уақытқа созылды.

Осылайша, Жібек биылғы маусымда ITF жарыстарында бесінші титулына қол жеткізді. Ол спорттық жолында жұптық сында барлығы 19 рет үздік шыққан. Оған қоса, жекелей сында екі мәрте чемпион атанды.

Сондай-ақ қазақстандық жасөспірімдер Бакуде 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe додасында табысты өнер көрсетті. Атап айтқанда, Team Kazakhstan академиясының түлектері Демид Горбачев пен Мансұр Шәкен жұптық сында ешкімді шыдатпады. Олар соңғы бәсекеде ирандық Кираш Ханифи - түркиялық Барук Сиваслиден айласын асырды. Есеп – 6:2, 6:2. Жекелей сында Демид финалда түркиялық Бугра Озкочқа есе жіберді. Есеп – 2:6, 4:6.

Бакуде Ариана Гогулина мен Аружан Нұранбай финалда ресейліктер Влада Гурелева - Ульяна Храбаветцке жол берді. Есеп – 2:6, 4:6. Жекелей сында Ариана тартысты матчта В. Гурелевадан ұтылды. Есеп – 1:6, 6:4, 0:6.