• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 20 Қыркүйек, 2022

Президент АҚШ-қа сапарының алғашқы күнінде түске дейін 13 кездесу өткізді

469 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы АҚШ-қа жасаған сапарының алғашқы күні түске дейін 13 кездесу өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі және Америкадағы ірі компаниялардың, зерттеу орталықтарының басшыларымен кездесті. Олардың қатарында Goldman Sachs, Grupo Los Grobo, JPMorgan Chase & Co., Eurasia Group, S&P Global және ЕРАМ systems, Coursera сынды компания өкілдері бар», деп жазды Руслан Желдібай Фейсбуктегі парақшасында.   Бұл кездесулерде екіжақты ортақ жобалар, кейбір компаниялардың Қазақстанда өндіріс орындарын ашу, мамандарды оқыту және басқа да мәселелер талқыланған.   «Сондай-ақ Мемлекет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Швабпен, USAID жетекшісі Саманта Пауэрмен жолықты. Шваб мырза Президентті 2023 жылы қаңтарда Давоста өтетін кезекті әлемдік экономикалық форумға қатысуға шақырды. Бұдан бөлек, жаһандық консалтинг компаниялардың өкілдерімен, беделді сарапшылармен мазмұнды кездесулер өтті», деді ол.   Президент мамандармен әлемде болып жатқан өзгерістер, жаңа трендтер мен қауіп-қатерлер жайында пікір алмасқан.   «Ал түске қарай АҚШ-та IT салада қызмет етіп жүрген қазақ жастарымен жолықты. Digital Nomads қауымдастығы – бүгінде 400-ге жуық жастың басын қосатын іргелі ұйым. Жас мамандар елімізде IT секторды дамыту жолдарына қатысты өз ұсыныстарын айтты. Президент жерлестерімізге зор табыс тілеп, олар еліміздің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдірді», деп түйіндеді жазба соңын Руслан Желдібай.   Айта кетейік, Президенттің түстен кейінгі кездесулері жайлы сайтымыздан оқи аласыздар.