• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысының мектептеріне айыппұл салынды

224 рет
көрсетілді

Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 114 мыңнан астам оқушы оқитын 461 мектепке, сондай-ақ 9 мектеп-интернатқа бақылау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық комитетіне сілтеме жасап.

Өткен оқу жылында облыс мамандары ерекше тәртіп бойынша 276 тексеру жүргізді. Нәтижесінде әрбір екінші объектіде бұзушылықтар анықталды. Жоспардан тыс тексеру барысында 12 ғимаратта сәйкессіздіктер тіркелді.

«Анықталған санитарлық талаптардың бұзылуы бойынша 23,5 млн теңгеден астам сомаға 200 айыппұл салынды, сот органдарына 9 материал жолданды, оның ішінде 9 шешім қабылданды. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманы бұзу бойынша 169 ұйғарым берілді. Медициналық қарап-тексеруден өту үшін 41 адам уақытша жұмыстан шеттетілді. Өңірдегі тексерулер мен санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды талдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ білім беру объектілерінің атына ақпарат жолданды, объектілердің жағдайын жақсарту және оқушылар үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде тиісті ұсыныстар берілді», делінген комитет хабарламасында. 

Эпидемиологиялық тұрғыдан маңызды мәселелердің бірі –тамақтануды ұйымдастыру. Бүгінгі күні білім беру ошақтарының 80%-ында тамақтандыруды шағын және микро бизнес субъектілері ұйымдастыруда. Алайда оларға қолданыстағы мораторийге байланысты жоспарлы тәртіппен тексеріс жүргізуге тыйым салынған.

Осыған байланысты санитариялық қағидаларды сақтау жауапкершілігі кәсіпкерлердің өздеріне, сондай-ақ объектінің әкімшілігіне және мектептерде құрылған бракераж комиссияларына жүктеледі.