• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қыркүйек, 2022

БҚО-да жүк көлігі үш оқушыны қағып кетті

265 рет
көрсетілді

Оралда жүк көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен оқушылар ауруханаға жеткізілді. Облыстық ЖКО мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйек күні түс кезінде автобус аялдамасына қарама-қарсы жерде болды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, балалар аялдамада тұрған автобусқа үлгеру үшін жолға жүгіріп шыққан. Нәтижесінде 2009, 2010 және 2011 жылдары туған оқушылар жүк көлігінің астына түсіп, ауруханаға жатқызылды.

«Медициналық сараптамаға сәйкес, жүк көлігінің жүргізушісі есірткіге масайған күйде болған», деп қосты БҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.