Аймақтар 21 Қыркүйек, 2022

Жаңа үлгідегі кітапхана

1100 рет
көрсетілді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында Open spaсе фоматындағы кітапхана ашылды. Бұрынғы кітапханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, профессор-оқытушылар мен білім алушыларды отандық және шетелдік оқулықтармен қамтамасыз ететін, жаңа технологиямен жабдықталып, түрлі форматтағы кездесулер өткізуге қолайлы орынға айналды.

Кітапхананың ашылу салтанатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректор Бей­біткүл Кәрімова рухани орталық студенттердің сапалы білім алуы­на, тұлғалық дамуына серпін беретінін атап өтті.

– Қай заманда да кітап құндылығы ерекше. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кі­тапханасыз адамның ойда­ғы­дай дамуы мүмкін емес. Бү­кіл әлемдегі кітапханалар – бі­лім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікір­лер­дің мекені. Электронды фор­маттың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрлі кітап­ха­наның ағартушылық рөлі еш­қашан мәнін жоғалтпайды» деген болатын.

Қазір университеттің ғы­лыми кітапханасында 2 миллион­нан астам кітап бар. Жыл сайы­н оқу процесіне қажетті кі­таптар жаңадан алынып, оқу­лықтардың саны артуда, деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Оқу орнында электронды кітаптар саны жыл санап артып келеді. Университеттің ғы­лыми кітапханасы AlemBook элек­тронды кітапханасымен 5 жылға келісімшарт жасасты. Осының арқасында студенттер кез келген уақытта интернет арқылы AlemBook электронды кітапханасының кітаптарын тегін оқи алады. Республикалық жоғары оқу орындары аралық элек­тронды кітапхана базасын пайдалану мерзімі 5 жылға ұзар­тылды.

Былтырғы оқу жылында құны 38 млн теңгеден асатын

5 710 оқу құралы сатып алынды. Университет кітапханаларын цифр­ландыру үшін жоғары жыл­дамдықты Optima А2 сканері сатып алынып, өткен оқу жылында 617 дана кітаптың электронды нұсқасы жасалды.

Студенттер сарайындағы жаңа кітапханада арнайы жаб­дық­тардан бөлек 30 орындық кон­ференц зал, 10 орындық кіші зал және студенттер үшін 40 орын­дық жеке орын бар.

 

ҚЫЗЫЛОРДА

Соңғы жаңалықтар