• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қыркүйек, 2022

Әскер әлеуетін отаншылдық күшейтеді

252 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың тапсырмасымен Маңғыстау облысына ақпараттық-түсіндіру тобы келді. Жұмыс тобы Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру, қоғамда әскери қызметтің маңызды екенін дәріптеу, сондай-ақ «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» атты жас­тарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру жөнінде бірқатар іс-шаралар өткізеді.

Күзгі шақыру науқаны кезеңінде Қарулы күштердің тәжірибелі офицерлері мен ардагерлерінен, «Жас сарбаз» қозғалысының белсенділері мен ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымынан құралған «десант» оқу орындары мен әскери бөлімдерде жастармен кездесіп, патриоттық акциялар мен концерттер ұйымдастырады. Жергілікті жерлерде бұл жұмысқа жергілікті атқарушы органдар мен қоғам өкілдері көптеп тартылған.

Алғашқы жұмыс күні Ақтаудағы қала күніне орай Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы жағалауда концерт өткізді. Сонымен қатар көрермендер Әскери-теңіз күштері «Маңғыстау», «Орал», «Сарыарқа», «Қазақстан» корабльдерінің, «Жайық» гидрографиялық кемесінің, «Алатау» мина тартқыш кораблінің, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің бес кораблі мен катерінің теңіздегі шеруін тамашалады.

Орталық әскери оркестр мен Орталық ансамбль қала тұрғындары үшін патриоттық концерт ұйымдастырды. Қарумен дефиле жасап, саптық дайындық элементтерін көрсеткен құрмет қарауылы ротасының айшықты өнері көрермендерді таңғалдырды.

Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарында Ақтау, Бейнеу, Жаңаөзен қалаларында әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыру жасындағы азаматтармен, олардың ата-аналарымен кездесулер, оқу орындарында ерлік сабақтары, сондай-ақ әскери бөлімдерде өткізілетін іс-шаралар бар.