• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қыркүйек, 2022

Атырау облысын қою қара түтін басты

1246 рет
көрсетілді

20 қыркүйек күні таңғы сағат 08:57-де Атырау қаласы, Кеңөзек ауылы, Каспий теңізінің жағалауындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде қамыс өртенді. Бүгіл аумақты шарпыған қара түтін жергілікті тұрғындардың үрейін ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

«Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша жану аумағы шамамен 60 гектарға ұлғайды. Өртті сөндіру жалғасуда. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Атырау қаласында күйік иісі сезіледі. Сағат 19:40-та өрт «Ақ Жайық» ӨСБ аумағына жайылды», делінген хабарламада.

Өрт орнында телефон және радио байланысы жоқ екенін айта кету керек.

Синоптиктердің айтуынша, оңтүстік-шығыстан 5-7 м/с жел соғады, ауа температурасы +30 С болып сақталады.

Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД (31 қызметкер және 10 техника, 1 су көлігі), «Ақ Жайық» ГПР (20 жұмысшы және 5 техника), жергілікті атқарушы органдар (3 жұмысшы және 3 техника), ЕӨСЖ (15 адам 2 бірлік техника) жұмылдырылды.

«Жердің батпақты болуына байланысты өрт сөндіру техникалары өте алмай жатыр. Сондықтан өртті сөндіру мүмкін емес. Өрт ошағына шыққан «TREKOL» автокөлігі батпақты жерде батып,  толығымен жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Елді мекендерге де қауіп төніп тұрған жоқ. Департаментте жедел штаб құрылды», деп қосты департаменттен.

Бүгін өртті әуеден сөндіру үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиапас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы су төгетін құрылғысымен ұшуы жоспарланған.