• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қыркүйек, 2022

Үкімет басшысы жол апатынан қайтыс болған дәрігерлердің жақындарына көңіл айтты

339 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Қарағанды ​​облысында болған жол апатынан қаза тапқан дәрігерлердің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеше кешкісін Қарағанды облысында қайғылы жағдай болғанын білесіздер. Сарышаған ауылының маңында жол апатынан 2 дәрігер қаза тауып, 8 медицина қызметкері зардап шекті. Олар Қазақмыс компаниясының қызметкерлерін медициналық тексеруден кейін қайтып келе жатқан. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ал, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулерін тілеймін», деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Премьер-Министр Үкіметтің таяудағы отырысының біріне жолдағы қауіпсізді мәселесін енгізуді тапсырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды ​​облысында жол апатынан екі дәрігер көз жұмғанын хабарлаған едік.