• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Пікір 22 Қыркүйек, 2022

Жоғары сыныптарда тек лайықтылар оқыса

245 рет
көрсетілді

Интернеттен өткен жылдарғы ҰБТ нәтижелерін көріп шықтым. Мәселен, 2018 жылы еліміз бойынша 11-сыныпты 147 мыңнан астам оқушы бітірген.

Соның 75 пайыздайы, яғни 102 мыңнан астамы ҰБТ тапсыруға өтініш беріпті. Әйтсе де бұл балалардың 14 пайызы, яғни 14 633 оқушы шектік деңгейге жете алмаған. Жалпы, мектеп бітіруші балалардың 25 пайызы, яғни 45 мыңдайы білімінің төмендігіне байланысты ҰБТ-ға жіберілмесе, ал оларға шектік деңгейге жете алмағандарды қоссақ, барлығы 39 пайыз, яғни 60 мыңға жуық бала мектеп бағдарламасын толык меңгермеген болып шығады. Бұл енді нағыз масқара жағдай емес пе? Сонда осыншама жасөспірім өмірін мектепте босқа өткізіп келген бе?

Шынтуайтына келгенде, қиюы қашқан бұл мәселені тек Оқу министрлігі ғана шеше алады. Нарықтық қатынастарды негізге ала отырып, білім беру жүйесін қайта құрмай болмайды. Біздіңше, балалардың оқуға деген ынтасын көтерудің бір жолы – салалық министрлік тарапынан «9-сыныптан соң 10-11-сыныптарға тек «4» пен «5»-ке оқығандар ғана өтеді» деген бұйрықтың шығарылуы. Сонда ата-ана да, бала да соған қарай іс қылады. Ата-ана баласының оқуын бастауыш сыныптан бастап қадағалайды. Бала да егер сабақты жақсы оқымаса, 9-сыныптан әрі қарай оқуға жол жоқ екенін іштей болса да сезеді. Тіпті үлгерімі мен тәртібі нашар балаларды өз сыныптарында қалдырсақ та еш нәрседен ұтылмас едік. Қайта «мен қатарымнан неге қалдым» деген бала іштей намыстанып, тез есейер еді.

Қысқасы, біз 10-11 сыныптарға сабақты тек жақсы оқитындарды ғана жіберсек, онда оларды тәртіпсіз, сабақ оқымайтындардан ажыратып, толыққанды білім алуға нақты алғышарт жасар едік. Бүгінде мұғалімнің жарты өмірі бірқатар дымбілместермен алысып, босқа өтіп жатқанын да ойлау керек. Болашақта ел тұтқасын ұстайтын білімді де білікті азаматтар, міне, осы 10-11-ді жақсы бітіргендерден шығар еді. Жоғары оқу орындарына да тек білімді жастар барған болар еді.

 

Бердалы РЫСБЕКОВ,

зейнеткер ұстаз

 

Түркістан облысы,

Келес ауданы