• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қыркүйек, 2022

Сенат Тұңғыш Президент күнін мерекелер тізімінен алып тастауға келісті

512 рет
көрсетілді

Палатаның жалпы отырысында Сенат депутаттары Тұңғыш Президент күнінің мәртебесін қайта қарастыратын заң жобасын қолдады. Құжат Мемлекет басшысының қарауына жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы «Заңға өзгерістер енгізу – 25 қазан – Республика күнін ұлттық мереке ретінде белгілеу ұсынылады. Сондай-ақ Тұңғыш Президент күнін – 1 желтоқсанды мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастау ұсынылады», делінген Сенаттың тиісті комитетінің қорытындысында.