• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қыркүйек, 2022

Павлодарда бір тоннадан астам балық аулаған браконьерлер ұсталды

153 рет
көрсетілді

Карасора көліндегі рейд кезінде полиция қызметкерлері үш көлікті тоқтатты. Volkswagen Transporter автокөлігінен 367 келі, Lexus көлігінен 339 келі және УАЗ көлігінен тағы 370 келі мөңке балық табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәркіленген балықтың жалпы салмағы 1 тонна 76 келіні құрады.

«Әр автомобильден балық аулау кезінде пайдалануға тыйым салынған резеңке қайықтар мен балық аулауға арналған торлар табылды», деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Ұсталған азаматтардың балық аулауға рұқсаты бар құжаттары болған жоқ.

Нәтижесінде браконьерлер Май ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіле бастады. Тиісті сараптама да тағайындалды.

Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер заңсыз балық аулаудың 6 фактісін анықтады.