• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қыркүйек, 2022

Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар анықталды

271 рет
көрсетілді

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментімен «Стоп игра» шұғыл іс-шарасы барысында қала аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара аясында жүйелік блоктар, мониторлар, ноутбук, ойын терминалдары, рулетка ойын аппараты, чек шығаратын құрылғы және басқа да техника құралдары анықталып, тәркіленді.

Іс сотқа жолданып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

«Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес, Казино мен ойын автомат залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады», делінген хабарламада.