• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Қыркүйек, 2022

Түркияда қаза тапқан ұшқыштардың мәйіті Ресейге жіберіледі

281 рет
көрсетілді

Чардак аймағында апатқа ұшыраған тікұшақ экипажының мүшесі болған екі ресейліктің мәйіті Анталияға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаза тапқан бортинженер Александр Яковлев пен Алексей Волковтың Памуккале университеті ауруханасының мәйітханасындағы процедуралары аяқталған. 

Олардың жеке басын анықтағаннан кейін мәйіттер арнайы көлікпен Анталияға жеткізілді. 

Қажетті рәсімдер аяқталған соң мәйіттер ұшақпен Ресейге жөнелтіледі.

Еске салсақ, 21 қыркүйекте Түркияның батысындағы Денизли провинциясындағы орман өртін сөндіруге қатысқан тікұшақтың Чардак ауылының маңында құлағанын жазғанбыз.