Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жүлде қоры жарты миллион еуродан асатын Францияның Мец қаласында өткен хардтық турнирде жекелей сында үшінші айналымға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық теннисші 1/8 финалда әлемнің 51-ракеткасы, Финляндия өкілі Эмиль Руусувуориден басым түсті. Жекпе-жек 2 сағат 14 минутқа созылып, отандасымыздың үш партиядағы жетістігімен аяқталды. Есеп - 6:7, 6:4, 6:3.
Қазір әлемдік рейтингте 44-ші орында тұрған Александр Бублик Мец турнирінің басында жас француз Эван Фурнесті 2,5 сағатта жеңді. Есеп - 5:7, 6:4, 7:6.
Енді Александр Бублик бүгін өтетін ширек финалда 19 жастағы Холгеро Рунемен кездеседі.