• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қыркүйек, 2022

Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

392 рет
көрсетілді

Монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сәйкестікті растау (сынау, сертификаттау, өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді декларациялау) және метрология (өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу) қызметтері нарықтарындағы бәсекелестік жай-күйіне талдау жүргізді.

«Ұлттық орталық үстем жағдайға ие бола отырып, кейбір қызметтердің бағасын көтерген. Тергеу қорытындысы бойынша Ұлттық орталықтың жоғарыда көрсетілген қызметтерге бағаны көтеру жөніндегі іс-әрекеттеріне тиісті баға беріледі», делінген хабарламада.