Қазақстандық Евгений Федоров Воллонгонгтағы тас жолда велоспорттан Әлем чемпионы атанды. 23 жасқа дейінгі шабандоздар арасында оған тең келер ешкім болған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Евгений Федоров 169,8 км топтық жарыста мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті.
Күміс медальді Чехия өкілі Матиас Вачек алса, Норвегиядан келген Сорен Вереншельд үздік үштікті тұйықтады.
Велоспорттан 2022 жылғы әлем чемпионаты 25 қыркүйекте ерлер арасында топтық жарыспен аяқталады.