Мектептен 672 оқушы эвакуацияланды, 15 оқушы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 қыркүйекте «101» диспетчеріне сағат 11:00 шамасында Ленин кентіндегі №33 орта мектепте белгісіз біреулер екінші қабаттың дәлізіне бұрыш спрейін шашқаны туралы хабарлама түскен.
«Мектеп ғимаратынан 672 оқушы эвакуацияланды, 15 оқушы облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі, полиция қызметкерлері және Павлодар қалалық ТЖД барды», деді Павлодар қаласы ТЖД басшысының орынбасары Тілекжан Ғалямов.
Қазір жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.