• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Қыркүйек, 2022

Сирия жағалауында 50 мигрант суға батып кетті

213 рет
көрсетілді

Заңсыз мигранттар мінген кеме апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 53 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Ливанның көлік министрі Али Хамиенің мәлімдемесіне сүйеніп.

Оның айтуынша, қайғылы оқиға 22 қыркүйекте Сирияның Тартус қаласының жағалауында болған.

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 53 адамның мәйіті шығарылып, 19 мигрант құтқарылған.  Ливан министрі із-түзсіз жоғалғандар жайлы ақпарат бермеді.