• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Қыркүйек, 2022

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқан 1500-ден астам адамға рақымшылық жасалады

377 рет
көрсетілді

Бас прокуратура «Рақымшылық туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы» реттеу саясатының консультативтік құжатын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, қазіргі уақытта тергеуде жүрген немесе сотталған 1520 адам рақымшылыққа түседі, олардың ішінде:

сотқа дейінгі тергеу кезеңінде 391 қылмыстық іс бойынша 383 күдікті ұсталды; сот өндірісінде - 36 іске 102 күдікті бар.

Қазірдің өзінде 1035 адам сотталды, олардың 93-і бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр, 930-ы пробацияда, тағы 9 сотталған қоғамдық жұмыстарға тартылды, 3-уіне айыппұл салынды.

Қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан толық босату ұсынылады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін.

Бұл ретте Заң жобасының күші мемлекетке опасыздық жасауға, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға, террористік қылмыстарға, экстремистік қылмыстарға, азаптауларға байланысты қылмыстар жасаған, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға қолданылмайды деп көрсетіледі.

Заң жобасын әзірлеуге Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы негіз болды, онда ол қаңтардағы оқиғаларға қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасауды тапсырды.

Құжат 14 қазанға дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.