• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Қыркүйек, 2022

Иранда наразылық акциялары жалғасып жатыр

285 рет
көрсетілді

Иранда хиджабты дұрыс кимегені үшін полиция ұстап әкеткен, кейін уақытша ұстау изоляторында қайтыс болған 22 жастағы Махса Аминидің өліміне қатысты наразылық басылар емес, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицейлер Махса Аминиді 13 қыркүйекте ұстаған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жүрек ауруына байланысты оны ауруханаға жеткізуге тура келген. Ол 16 қыркүйекте сол жерде қайтыс болды. Оны сырқатынан қайтыс болды дегенге туыстары мен жергілікті халықтың бір бөлігі сенбейді. Сол себепті тұрғындар хиджабты дұрыс кимегені үшін қамалып, артынша ажал құшқан қыздың тағдырына бей-жай қарамау керек деп есептейді. 

22 қыркүйекте түнде аяқталған наразылық шаралары жұма күні кешке қайта жалғасқан.

Тегеран астанасының Мутахарри, Саттархан және Садық аудандарында көптеген акциялар өтті. 

Қауіпсіздік күштері мен шерушілер арасында ара-тұра қақтығыстар да болған. Шерушілер қоқыс контейнерлерін өртеп, кедергілер орнатқан, ал қауіпсіздік күштері көзден жас ағызатын газ бен таяқтарды қолданған. 

Иран Студенттер кеңестерінің мәліметі бойынша, Тегеран университетінің ұсталған студенттерінің саны 30-ға жеткен. 

Сонымен қатар, жұма күні елде интернет өшірілді.