Ақтау теңіз порты кеден бекеті басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтау теңіз порты кеден бекетінің бірнеше лауазымды тұлғасына қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.
Күдікті декларанттардың кедендегі өкілдерінен ақша алған. Қаржы көлемі әзірге нақтыланбаған. Басты күдікті 2 айға қамауға алынды.
«Тергеу барысында кеден бекеті басшысының орынбасары әшкереленді. 10 қыркүйекте сот оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», деді Маңғыстау облысы прокуратурасының аға прокуроры Әсет Бекқайыров.