• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Қыркүйек, 2022

АҚШ-тан айласын асыра алмады

119 рет
көрсетілді

Бұл күндері Нидерланд пен Польшада волейболдан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы АҚШ қыздарымен кездесіп, жеңіліп қалды.

Дүниежүзінің 24 құрамасы бақ сынап жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық волейболшылар «С» тобында АҚШ, Сербия, Германия, Болгария және Канада өкілдерімен сынға түсіп жатыр. Жерлестеріміз бірінші турда былтырғы Токио Олимпиадасында топ жарған АҚШ құрамасымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстандық қыздар алғашқы кезеңде қарсыластарына 16:25 есебімен жол берсе, кейінгі екі сетте 13:25 және 12:25 есебімен ұтылып қалды. Жаһандық додаға осымен бесінші мәрте қатысып жатқан Қазақстан құрамасы кейінгі кездесуін бүгін Германиямен өткізеді. Әлем біріншілігі  15 қазан күні мәресіне жетеді.