Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жатқан елорданың «Барысы» сырт айдында өткен алғашқы ойында жеңіліп қалды.
Ресейдің Череповец қаласына сапар шеккен жерлестеріміз жергілікті «Северсталь» клубымен кездесті. Кейінгі үш турда бірде-бір ойында жеңіске жете алмай, «Батыс» конференциясында төменгі орындарға түсіп қалған «Северсталь» «Мұз сарайында» өткен матчта «Барысты» 5:2 есебімен тізе бүктірді. Айдын иелерінен Дмитрий Моисеев (2-минут, 48), Кирилл Пилипенко (22), Руслан Абросимов (24) және Александр Петунин (28) мергендігімен көзге түссе, «Барыс» сапынан Антон Сагадеев (19) және Джереми Бракко (38) дәлдік танытты.
Сырт айдындағы бес матчтың бесеуінде де қарсыластарына жол берген жерлестеріміз келесі кездесуін бүгін Ярославльдің «Локомотивімен» өткізеді.